"Жаңа жобалардың арқасында, қуаттылықты арттырудың арқасында мұнай өндіру көлемі 5 млн тоннаға дейін ұлғайтылып, келесі жылы 25 млн тоннаға дейін жетеді", - деді Н. Назарбаев.
"Шеврон" компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өндіріс қуатын арттыру жобаларының аясында шикі газды айдау жобасы мен екінші буын зауыты пайдалануға беріледі.
"Шикі газды айдау мұнай өнімділігін арттыру үшін газды аса жоғары қысым астында кері пластқа айдауды , ал екінші буын зауыты табиғи газды кері айтау үшін сепарациялауды, сондай-ақ, шикі мұнайды тұрақтандыру мен күкіртті ажыратуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, қышқылды газды газ өңдеу өнімдеріне және элемент түріндегі күкіртке бөлу атқарылады", -деп нақтыланған баспасөз баянында.
"Бұл жоба қауіпсіздік техникасы бойынша ең таңдаулы әлемдік көрсеткіштер деңгейінде жүзеге асырылды. Осы жобаның аясында Қазақстанда өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға рекордтық ақша - 2 млрд доллар жұмсалды", -деп баспасөз қызметі "Шеврон" компаниясының еуразиялық бөлімшесінің атқарушы директоры Джей Джонсонның сөздәйегін келтіреді.
Компания мәліметінше, қосымша нысандарды пайдалануға беру жобасы Теңіздегі тәуліктік өнім өндіру көлемін 540 мың баррель мұнайға жеткізу мақсатына сай жасалған. "Екінші буын зауыты нысандарын іске қосуды ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарлануда", - делінген баспасөз баянында.