“Келгелі екінші болып қалдым” Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа қатысты жазба қалдырды

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актриса өзінің жолдасы Қайратпен бірге қалжыңдап бейнежазба түсірген. 
Көзілдірікпен отырған Қайрат Нұртас: Қандай әдемі,-дегенде Жұлдыз өзіне айтылған деп ойлайды. Алайда Қайрат ол сөзді өзінің су жаңа көлігіне айтқан болып шығады.

Жұлдыз: "Осы келгелі екінші болып қалдым",- деп қалжыңдап жазба қалдырды. 

Осылай әзілдесіп видеолар салып, екеуінің бірге жүргендерін көріп оқырмандары дән риза.

"Ма Ша Алла","Тіл көзім тасқа","Жандарым","Алтындарым","Бақытты болыңяздаршы","Сіздерді жақсы көреміз","Вайнға көшсеңдерші","Жарасымды жұп",- деп пікір қалдырды.