Келімбетов: Бір жылда екі рет девальвацияның болуы мүмкін емес


Тарихқа жүгінген Келімбетов, Қазақстанда девальвация 5 жылда бір-ақ рет болады деген уәжін айтты. Сондықтан халықты сабыр сақтап, абыржымауға шақырды. Оның үстіне еліміздің бас банкирін әлемдік мұнай бағасының түсуі мен Ресей рубльінің құлдырауы да алаңдатып отырған жоқ. «Қара алтын» құны 60 долларға түссе де, девальвация болмайды. Тек мұнай құнының құлдырауынан бюджет қана қайта есептеледі деп сендірді.