Келімбетов доллар бағамын 170 теңгеге дейін төмендетпек


Келімбетовтың айтуынша қазір ұлттық валютаның құнын өсіруге ең қолайлы кез болып отыр. Плюс-минус 3 теңгені құрайтын дәлізді кеңейту мүмкіндігі де туындаған көрінеді. Яғни бір доллардың құны 185 теңге маңайынан 3 теңгеге өссе, төменгі шегін 15 теңгеге түсіру мүмкіндігі қарастырылуда. Сондықтан алдағы уақытта бір доллар 170 теңгеге теңестірілуі мүмкін. Енді нақты шешім апта соңында қабылданатын болады. Ұлттық банк биыл ақпан айында теңге курсын бұрынғы қалыпта ұстап тұрудан бас тартып, АҚШ-тың бір доллары 155 теңгеден 185 теңгеге дейін шарықтаған еді.