Өнер иесі жастайынан келін атанған қызы мен күйеубаласын үйіне шақырып, қонақ еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Келін болған қызымды көріп, көңілім бұзылды
Танымайтын жат елдің шәйін құйып, сызылды.
Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді,
Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді.
Қызым отыр майысып, кең дастархан жайысып.
Қолы ұзарған құдағи отыр қою шәй ішіп,
Құдамыз жүр қуанып, шайналып, бұралып.
Көбейгесін баласы екі отбасы құралып.
Мен отырмын мұздалып, елжіреп, сыздалып.
Өсірген гүлдей жайнатып, әкетті-ау ерте қызды алып,
Қызыма қимай қараймын, секілді шыққан арай күн
Сымбатым енді аман бол, бақтарыңды қалаймын", - деп әндетті ол.
Әншінің оқырмандары оның осы әнмен қызына деген сағынышын жеткізгенін жазуда.
"Қызына деген сағынышын осы бір әнмен жеткізді", "Термемен күйеу баласының зәресін алды", "Мына әнді тыңдаған күйеу баласы келгеніне өкініп кеткен шығар", "Абай Бегей Маңғыстаудың салтын ұмытыпты. Құдалық болмай, қызды үйге шақырмайды ғой", "Қызы баратын жеріне барғасын ән айтып не керегі бар", - деп жазды олар.