«Келін деп осыны айт»: Ата-енесін жер-көкке сыйғызбай мақтаған Жұлдыз Әбдікәрімованың абысыны елді өзіне қаратты

Ол желіде Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртаспен сөзге келіп қалған кезде, ата-енесі ұлдарын емес, өзін жақтап шығатынын ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл ойын ол желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

«Ата-енең әрқашан сенің жағыңда болған кезде», - деп жазды ол.

Нұртас әулетінің екінші келінінің желіге осы жазбаны салғаны сол еді, көпшілік оны мақтай жөнелген. Олар әсіресе Әйгерімді Жұлдыз Әбдікәрімовамен салыстырып, оның шынайы әрі ата-енесіне ең жақын келіні екенін айтқан.

«Әйгерім, жарайсың, ата-ененің көңіліне қарайтын келін осы әулетті сенсің ғой деймін, осы жасаған қызметің бала-шағаңның алдынан қайтсын», «Жұлдызды емес, осы Әйгерімді мақтайды Гүлзира ханым да, соған қарағанда келіндерінің ішіндегі ең тәуірі осы болды-ау», «Әдемі отбасы, бақытқа лайықсыңдар» деп жазды олар.