"Келін ол келін келін, қыз ол қыз": Сара Тоқтамысова ене мен келін қатынасы туралы

Ол ене мен келіннің сыйластығы екі тарапқа да байланысты болатынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтыскер ақын өзінің анасы мен келінінің қарым-қатынасын мысалған келтірген.

"Ұлының туған күнінде Келініне жүзік тағып жатыр . Үлкен қүрмет кішкентай сыйластықтан басталады. Келін ол келін. Қыз ол қыз деп әркімнің орынын шұқып көрсетпей-ақ әр адам өз тарапынан мейірім таныта берсе адамзат өзі армандағанындай өмір сүреді емеспе. Бастысы АЛЛА разылығы үшін деп жасаса болды екен.

Мамам @shakerbany көбіңіз жақсы көресіздер. Шынайы адам. Жасандылығы жоқ . Сыйласқанмен сыйласа біледі. Келініміз @arna_altaevna -ны қабағы түссе қатты алаңдайды. Ұл мен келін ренжісіп қалса, ұлдың емес келіннің сөзін сөйлеп шығады.

Арна ол біздің алтынымыз. Керемет орталық ашты . @zeyin_ortalygy_astana_ Сол орталыққа келген әр бала дұғамызда. Әлем мойындайтын ұлы маман иесі бол жаным .

Осы бір жылы қарым-қатынас әр адамда бола берсін деп видеоны салып қойдым", - деп жазды ақын.