"Келінге бес жыл келін бол. Сонда қадіріңді біледі": Желіде келіндерге қатысты пікірталас болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әлдебір отбасы келін түсіріп жатқан болса керек. Құрбыс не әпкесі келінге қатысты өз ойы мен тәжірибесі бар апай ықылын айтты. Келін өзге отбасына сіңісу үшін бес жыл шамасында уақыт кететіні жайлы сөз қозғады. 

"Келінге қыздай қарау керек деп өзің айттың ғой. Келін келгенде бес жыл келін бол. Бірдеңесі дұрыс болмаса, үндемей-ақ қой. Соқыр бол, саңырау бол. Өзіңдей болсын десең, ешқашан артық нәрсе айтпа. Сонда ғана қадір-қасиетіңді қартайғанда білетін болады. Біреудің ерке қызы шығар, ыдысын да, кірін де жумаған шығар шешесіне еркелеп. Менің айтарымның бары осы. Бұл жерде бес жылдық жоғарғы оқу орнының керегі жоқ", делінген. 

"Бес жыл тым көп емес па", "Бес жыл өте көп уақыт смияқты ғой", "Өте дұрыс айтады", "Оны түсінетін келін бар, түсінбейтіні бар", "Сана мен тәрбиесі жоқ болса, қыстырмайды ғо", деп жазды оқырмандар.