"Келініңіз болғанына бақыттымын": Енесінен су жаңа көлікті сыйға алған Тұрсынбаеваның келіні оған алғысын жаудырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қуанышты жаңалығымен ақын өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін ақ келініміз 26 жасқа толып жатыр... Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты бол! @kbeklan екеуің қол ұстасып бірге жүр! Біз сені өте жақсы көреміз...", - деп жазды ол.

Енесінің мұндай тосын сыйына оның келіні де алғысын айтты.

"Мам, жылы сөздеріңізге көп рахмеет. Сіздің мейіріміңіз бен қолдауыңызды әрдайым сезінеміз.
Осындай отбасының келіні болғаныма өте бақыттымын. Сізді қатты жақсы көремін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ақынның бұл әрекетін қолдап, оған "жыл енесі" болғанын жарыса жазып жатыр.

"Қандай керемет! Келінге көлік сыйламақ түгілі, бір ауыз жылы сөз қия алмайтындар жетерлік ғой… “Ене года” боп тұрсыз Айнұр әпке", "Сіз сияқты ене болу сіз сияқты енелі болу бұйырсын кең жүрегіңізден айналдым", "Келінімізге көлік сыйлау біздергеде буйырсын, керемет жаңа жасы берекелі жас болсын улыңыз екеуі бақытты да баянды ғумыр кешсін", - деп жазып жатыр олар.