Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол "Otpannews" порталына берген сұхабатында ол келіннің өз орнын түсініп, күйеуінің отбасынан мінсіздік күтпеуі маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, отбасындағы сыйластық екі тараптан да болуы керек.
"Үлкенге деген құрметтің өзі жетіп жатыр. Келінге ешкім енеңді есіңнен танып өз шешеңдей жақсы көр деп жатқан жоқ. Келіндерді де "қызымдай жақсы көрем" дейтіндер бар. Ондай нәрсе болмайды. Келіннің статусы қыздан жоғары. Өйткені, ол сенің ұрпағыңды таратушы. Қызды алақаныңа салып өсіресің де бір күні біреуге бересің. Ол өз үйіне кетеді. Ал сенің үйіңе келген келінге сен де қолыңнан келгенше құрметпен қарауың керек. Өмір болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Осы нәрсені келіндер білу керек. Өзінің үйінде ұрыс болса қалыпты жағдай, ал күйеуінің үйінде ұрыс болса көргенсіздік деп есептеледі. Мұндай ой дұрыс емес. Күйеуінен немесе оның туыстарынан идеалды іздеудің қажеті жоқ. Күйеуің де тура сен сияқты немесе сенің ағаң, інің сияқты ер-азамат. Ата-енең де ата-анаң сияқты адамдар. Олардың да білімі әртүрлі. "Сен дұрыс емессің" деп жатса, жақсы деп қабылда, жақсысын алып, жаманынан жиреніп, сабақ ал. Ол - ақылды келіннің ісі", - дейді ол.