Бидашевтар халықтық отбасылық ансамблі 1989 жылы аудандық мәдениет үйіне қарасты Келінтөбе ауылдық клуб үйінде құрылған. Жетекшісі Оразғали Бидашев - жоғары білімді музыкант. Ансамбль мүшелері зайыбы Г.Бидашева мен Бақыт, Бексұлтан, Балжан есімді балаларынан тұрады. Өнерді мұра қылған отбасының бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері де аз емес. «Өнерде шекара деген болмайды. Осы өнеріміздің арқасында Анандидің де елін көріп қайттық» - дейді ансамбль жетекшісі О. Бидашев.