Келісім базасын зерттеген соң ғана Украинаның КО ену мәселесін сөз етуге болады


"Біз қазір Кеден одағының келісім базасын зерттеудеміз. Жұмысты аяқтаған соң, оның плюсі көп пе, әлде минусы көп пе, сол жағын бағалайтын боламыз. Әзірге ештеңе айта алмаймыз", деді Н.Азаров ресейлік "Вести-24" телеканалына берген сұхбатында журналистің Украина КО енуі мүмкін деп санайсыз ба, деген сауалына жауап берген кезінде.