Өкілдерді Кемерово облысы губернаторының бірінші орынбасары Валентин Мазикин басқарады. Өкілдер құрамында Кемерово облысы халық депутаттары кеңесінің төрағасы Геннадий Дюдяев, "Кузбасс агроөнеркәсіп компаниясының" бас директоры Владимир Журавков, Кузбасс сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Татьяна Алексеева және басқа да ресми тұлғалар мен кәсіпкерлер бар.
Сапар бағдарламасы бойынша облыстар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру хаттамасына қол қою, Кемерово облысының көрмесімен танысу, сауда-экономикалық миссияны ашу, Шымкенттегі кәсіпорындарды аралау және басқа да мәдени шараларға қатысу көзделген.
Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар жөніндегі облыстық басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Кемерово және Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге осыдан бір жыл бұрын облыстық делегацияның Ресейдегі Қазақстан жылы аясындағы сапары кезінде қол қойылған.