Кемеровода Тәжікстан азаматынан 13 кг героин тәркіленді

"Ер адам біраз уақыт бұрын есірткі сатып жатқан кезінде қылмыс үстінде қамауға алынды", - деп хабарлады Кемеровоның құқық қорғау органдары. Қылмыстық істі тергеу барысында тұтқындалушы жалдап тұрған пәтерге тінту жүргізілген. Милиция қызметкерлері 13 кг есірткі затын сол жерден тапқан.

"Героиннің түсу және сату арналары анықталу үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп хабарлады милиция.