Кемероводағы қайғылы жағдайда отбасынан айырылған ер адам өрт басталған кезде түсірілген видеоны жариялады

Бейне Instagram-да тікелей эфир барысында көрсетілді. Камера объективіне кинотеатрға кіретін аумақ түсіп қалған.

Игорь Востриков кинотеатрдың есіктері ашық болғанын дәлелдеу үшін видеоны жариялаған.

Бұған дейін ер адам  Кемероводағы «Зимняя вишня» кинотеатрының есіктері құлыпталмағанын айтып видео жариялаған болатын.

Ол есікті сауда-ойын-сауық орталығына келушілердің бірі бекіткенін айтты.

Сонымен қатар, Кемерово қаласының тағы бір азаматы Александр Ананиев қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын КСО-ның төрағасы Александр Бастрыкинге жеткізді. Ол сол күнгі өртте үш баласынан айырылған еді. Кәсіби электрик болып табылатын азамат өрт қысқа тұйықталу себебінен басталды деп есептейді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Стрела-П мобильді диагностикалық кешенімен сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратын қарап, оны төтенше жағдай деп таныды.

Бұдан басқа, соңғы есептерге сәйкес, Кемеровоның Орталық аудандық соты облыстың мемлекеттік қадағалау басқармасы инспекциясының бұрынғы бастығы Танзалия Комкованы бір ай және 25 күнге қамауға алды. Тергеу барысында ол заңсыз салынған «Зимняя вишня» ғимаратын пайдалануға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау керек болған.