Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында өнер иесінің келіні босанып, төртінші сәбиін дүниеге әкелген болатын. Ол немересі мен келінін перзентханадан шығарып алып, достарымен қуанышты жаңалықты атап өтуге Алматыдағы мейманханалардың біріне барған.
“Кеше немеремді аман-есен шығарып алып, достарыммен “Мерхаба” ресторанына бардық. Алматы, басқа қалаларда қанша рестораннан тамақтанып жүрміз. Бірақ бұлай қонақтарына қызықты болсын деп, құрметпен тамақтандырмаған”, – деп жазды Шахизада.
Даяшы жігіт әншіні өз қолымен тамақтандырып, өнер жұлдызының қалауымен бетінен сүйіп алды. Осы сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған Шахизада оқырманның сынына ұшырады.
“Жасыңа сәйкес келмейді”, “Ұялмай ма?”, “Кемпір соңғы кезде тентек боп барады”, “Күйеуім жоқ деп қатты еркінсіп кетуге болмайды”, “Кезекті қойылым”, “Тәлпіш”, – деп сынап жазды желідегілер.
Loading...