Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен оразаның екінші күні Кенесарының басы туралы айттым. Оразада бәрі кешкісін жиналып алып, бір ай көлемінде барлық ауызашарда сол әңгіме айтылды. Жоғары әлемге керек адамдарды солай саралаған. Ауызашар кезінде бір журналист қыз құдайға қарсы келіп жатыр дейді. Оны естіген екінші адам мені танымайды, парақшамды көреді. Бұл жерде аса әбестік жоқ, айтылып жатқаны рас. Бұл деген менің іздеп жүрген нәрсем ғой деп, 70% адамдар сол шудан кейін келді. Олардың арасында танымал тұлғалар, әншілер, өнер адамдары, блогерлер де бар. Бірақ, оларға уәде бергеннен кейін мен олардың атын құпия сақтауым керек. Олар ізденіс жолына кетті, ешкіммен байланыс ұстамаймын", - дейді ол.
Блогер күйеуінің ДНҚ-сындағы жаңа қасиеті ашылып, зергер болып кеткенін де жасырмады.
"Күйеуім де тылсымға сенеді. Қазіргі күні адамның ДНҚС-да бар қасиеттер ашылып жатыр. Кейінгі жарты жылда жолдасымда әшекей бұйым, ою жасайтын қасиет ашылып кетті. Қолымдағы білезікті түнде жасап берді. Негізгі мамандығы дипломат, бұрын бастық болған. Қазір жаным тыныш, рахаттанамын, трансқа кіріп, тылсым әлемге өтіп кетемін дейді. Бойындағы шыдамсыздық, ашу деген мінезде ештеңе қалмаған, сабырлық беріп жатыр. Қазір адамдардың амал дәптерімен жұмыс істейміз. Сол процесстегі барлық этаптан жолдасым да өтті", - дейді ол.