"Кенеттен тексеру – бұл әскердің шын дайындығының деңгейін анықтайды: Отпантау қорытындысы

Оқу-жаттығудың қалай өткені және қандай нәтижелерге қол жеткізілгені жөнінде Қарулы Күштер Бас штабының Стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы полковник Дәурен Абдуллин Caravan.kz тілшісіне айтып берді.

- «Отпантау» оқу-жаттығуы туралы не айтасыз. Ол қандай кезеңде өтеді?

- Басқа мемлекеттердің армияны даярлау тәжірибесін зерделей келе, олардың дайындық барысында кенеттен тексеру әдісінің терең меңгеріліп келе жатқанын байқадық. Кенеттен тексеру – бұл әскердің шын дайындығының деңгейін анықтайды. Сондықтан бұл әдіс бізде бұрыннан бар, өзіміздің әскери үрдісімізге енгізілген. Біз осы жылдан бастап кенеттен тексеру әдісін тереңдей қолданып келеміз. Енді осы кенеттен тексерудің айырмашылығы аймақта әртүрлі жоспарланған оқу-жаттығулар бір кезеңде өтеді. Соның ішінде бір ерекшелігі осы «Отпантау» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

- Аты неге «Отпантау» деп аталады?

- «Отпантау» деп атын бекер қоймаған. Себебі, бұл Батыс Қазақстан соның Маңғыстау облысындағы ең биік шың. Бұл тауға жаулар шапқыншылық жасаған кезде әскерлерді жинау үшін белгі ретінде ең төбесінде от жағылған. Сол жерден тапсырманы орындауға аттанған. Сондықтан бұл «Отпантау» қазақ халқының киелі мекендерінің бірі.

Оқу-жаттығудың ауқымы Қазақстанның алты облысын, жеті оқу полигонын, Каспий теңізінің акваторикасын және алты әуеайлақты қамтыды. Бұл оқу-жаттығуға әртүрлі ведомствоаралық, түраралық және жергілікті әкімшіліктердің бөлімшелері қатысты.

Бұл енді оқу-жаттығудың аймағына әскерді шоғырландыру барысы әртүрлі жолдармен жүргізілді. Соның ішінде өз бетімен әуе және теміржол көлігімен жеткізілді. Бір жағынан осы оқу-жаттығудың барысында азаматтық әуе күштері өзінің мүмкіншілігін тексеріп көрді. Жалпы әскерлерді оқу-жаттығудың айлағына шоғырландыру 3000 шақырымды қамтыды. Оқу-жаттығу барысында әскерлерді жоғарғы жауынгерлік деңгейге келтіру, қарулы күштерді жұмылдыру сұрақтары пысықталды. Әскерлерді таныс емес ауданға шоғырландырған кезде басқару және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері тексерілді. Сонымен қатар, осы оқу-жаттығудың барысында ахуалдың белсенді өрбуі кезінде, аталған жеті оқу-жаттығу полигонында әскерлерді басқару мүмкіндігі пысықталды.

Осындай жедел стратегиялық ауқымды оқу-жаттығулар екі-үш жылда бір рет өтеді. Жыл басынан бастап өткізілген бүкіл жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлықтың ең соңғы түйіні болып есептеледі.

  • Маневрға жұмсалған әскери техника мен жеке құрамның саны қанша, егер құпия болмаса?
  • Енді осы, мынау, тексеруге тартылған адамдардың, әскердің саны жеке құрамнан 9 мыңға жуық, әскери қару-жарақ пен техникадан 3000 бірлікке жуық, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 корабль тартылды.

- Негізгі күш қай бағытты дамытуға жұмсалды? Оқу-жаттығуда әскерлерді қолданудың қандай жаңа түрлері мен тәсілдері көрсетілді? Соны айтып берсеңіз?

Оқу-жаттығу барысында негізгі күш-жігер әскерлер топтарының дербестігін, қамтамасыз етілуін тексеру үшін, оның ішінде басқа ауданға келгеннен кейін оны басқару және қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын тескеру болды.

Екіншіден мына, әскери қақтығыс барысында тылдық және техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын тексеру. Оның ішінде істен шыққан машиналарды жинау пунктері, техникалық көмек пунктері, жанар-жағармай беру пунктері, оның ішінде далалық госпитальдерді құру сұрақтарын, осыларды пысықтау және әскерлерді ұшқышсыз ұшатын аппараттарынан қорғау, бүркемелеу. Әскерлер және басқару пунктерінің өміршеңдігін ұзарту сұрақтарына негізгі көңіл бөлінді.

Оқу-жаттығу барысында әскерлерді қолданудың жаңа түрлері мен тәсілдері пысықталды. Оның ішінде:

ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аралас авиациялық топтардың дәлдікпен соққы бере отырып, әуедегі барлау жұмыстарын пысықтау;

Екінші, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күрес жүргізуі;

үшінші танк және мотоатқыш бөлімшелерінің жер асты коммуникацияларын қолдана отырып ұрыс жүргізуі;

Осындай тәсілдер оқу-жаттығу барысында пысықталды.

- Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша не айтасыз?

Оқу-жаттығудың қойылған тапсырмалары орындалды. Өзінің мақсатына жетті. Бұл өткізілген оқу-жаттығу еліміздің қауіп-қатерге нақты дайындығын және үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Қазір біз әскердің дайындығына жаңа тәсілдер енгізіп жатырмыз. Осы оқу-жаттығу барысында әскердің жауынгерлік даярлығы мен әскери даярлығы тексерілді. Жасыратыны жоқ кемшіліктер бар, біз олармен жұмыс жасаймыз. Кемшіліктермен қатар жақсы да тәжірибелер бар, олардың әскерге енгіземіз. Бұл оқу-жаттығудың қорытындысын Жоғарғы Бас қолбасшысы «өте жақсы» деп бағалады.

  • Дәурен Тайбасұлы жауаптарыңыз үшін көп-көп рақмет! Келесі кездескенше хош-сау болыңыз!
  • Аман болайық!