Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанктің» ірі акционері атанды

«Қазком» Кеңес Рақышевтан БТА банктің акциясына бағасы 0,24162 теңгеден 304 187 299 781 жай акциясын сатып алды. Нәтижесінде БТА-дағы «Қазком» үлесі 47,415 пайыздан 94,83 пайызға дейін өсті. «Самұрық-Қазына» Қорынан сенімгерлік басқаруға алынған акцияларды есепке алып, «Қазком» «БТА» акцияларының 99,09 пайызына дауыс беру мүмкіндігі бар.

Бұдан бұрын жарияланғандай, «Қазком» жай акцияларын орналастыру шеңберінде Кеңес Рақышев акциясына бағасы 575,2 теңгеден Қазкомның 127 777 704 жай акциясын сатып алып, қажет рұқсатпен «Қазкомның» жаңа ірі акционері атанды.