Мекеме ақпаратына сәйкес, Кентаудағы нөсер 24-наурыздан бері екі аптаға созылған. "Соның салдарынан қала ішінде бұрындары қазылған ұңғылар мен су асты көздерінен келетін су көлемі ұлғайған. Жер асты суының деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш - 444,3 метрге жетті",- делінген хабарламада.
Соның салдарынан "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Экскаватор" АҚ, "Южполиметалл" ӨК АҚ базасы, сондай-ақ, 200-дей тұрғын үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды.
Қазір коммуналдық қызметтер оқиға орнында тасқынға қарсы шаралар қолдануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті