Кентауда нөсер салдарынан бірнеше кәсіпорынның аумағы, 200-дей жер үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Кентауда 10-сәуір күні 24-наурыздан бері екі аптаға созылған нөсер салдарынан қала ішінде бұрындары қазылған ұңғылар мен су асты көздерінен келетін су көлемі ұлғайған. Жер асты суының деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш - 444,3 метрге жетті.

Соның салдарынан "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Экскаватор" АҚ, "Южполиметалл" ӨК АҚ базасы, сондай-ақ, 200-дей тұрғын үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды.

15-сәуір күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жер асты суларының деңгейі өзгеріссіз қалды. Кентау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының зілзала зардаптарын жою жөніндегі отырысы өтті. Мерғалым кен орнында су он насоспен сорғызып алынуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті