Кентауда студенттің курстасын қалай атып өлтіргені камераға түсіп қалды

Кентаудағы көпсалалы колледждің оқушылары ерегісіп қалып, оқу ғимаратының ішінде көптің көзінше бірін-бірі басынан атқан. Таспаға түсіп қалған осы оқиға кезінде жарақат алған 18 жастағы жасөспірім көп ұзамай бақилық болды. Ол үйіндегі жалғыз бала екен. Ал атқан жігіттің өзі марқұммен бірге оқыпты. Көп ұзамай полицияның қолына түскен күдікті жарақаттайтын қаруды көшеден тауып алдым деп ақталды. Досымен сөзге келіп қалған соң, тапаншасын сол жерде сынап көрмек болыпты.


Мен қорқып кеттім да, «жақындамаңдар»  деп» «Оса» тапаншамен қолымды изеп тұрғам.  Одан кейін Әбіл «шешеңнің» деп балағат сөздермен қорқытып тұрып қалай атылып кеткенін байқамай қалдым. Сосын Әбіл құлап қалды.