Кентауда жеті жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осыдан бір апта бұрын Кентау қалалық ІІБ-іне бір әйел өзінің бастауыш сыныпта оқитын 7 жасар қызы мектептен қайта оралмағанын айтып көмекке жүгінген.

"Іздестіру шараларыының барысында қыз баланың мәйіті үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырынан табылған. Сараптама жәбірленуші қызды көзі тірісінде біреу зорлап, сосын кеуде тұсынан бірнеше мәрте жарақаттап өлтіргенін анықтаған", -деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қалалық бөлімнің тәртіп сақшылары өлімге қатысы бар деген күдікпен бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жауап алу кезінде күдікті өзінің кінәсін мойындады. Еркектің айтуынша, сол күні ол мас күйінде көшеде қызды ұстап алып, зорлыққа ұшыратып, сосын зардабынан қорыққандықтан оны өлтіріп, денесін дәретхананың шұңқырына тастап жіберген.

Күдікті қазір қамауға алынды. Кісі өлтіру құралы - пышақ тәркіленді. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің кісі өлтіру жөніндегі 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.