Керекуде жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік күнінен бұрын орнатыла бастады


Павлодарда -30 градустық аязға қарамастан орталық алаңдағы 30 метрлік шырша орнатыла бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жұмысты «Бонус строй» ЖШС жүргізіуде.

Шырша өткен жылдан қалған ойыншықтармен безендіріледі. Олардың ішінде гүл тізбесі, пингвиндардың отбасы, жылқылар мен аюлардың шағын формалары бар. Осы жылы павлодарлықтар үшін қалалық мәдениет және демалыс, Гагарин саябақтарында биіктігі бес метрлік төбешік жасалады. Ал, қаланың басты шыршасының шамдары Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін жағылады. Айта кету керек, биыл облыс орталығын жаңа жылдық безендіру үшін 13 млн теңге қарастырылған.