Керри қарашаның бірінде мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді


Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстандағы АҚШ елшілігі хабарлады.
Сапар барысында Д.Керри президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстанның бірқатар лауазымды тұлғаларымен екіжақты келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «АҚШ-Қазақстан» стратегиялық әріптестік диалогына қатысып, Назарбаев университетінде Орталық Азия республикаларының ғаламдық проблемаларды шешудегі рөлі тақырыбында баяндама жасайды.