Украина полициясы Садыковтар отбасына күзет қойды. Бүгін ресми Ақорда Киевпен байланыс жасап, кінәлілерді тауып, тергеуге көмектесуге Қазақстанның ресми органдары дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл оқиғаға журналист Оңғар Қабден пікір білдірді.
"Қастандықты спецслужба ұйымдастырды деуге келмейтін сияқты. Профессионал киллер болса екі оқпен жараламай, бір-ақ оқпен жайғайтын еді. Көшеде машинасына тапаншамен жүгірмей-ақ үйінде ың-шыңсыз тындыратын еді шаруасын.
Әйтпесе, Еуропаның төрінде, Австрия түрмесінде отырған Рахат Әлиев те асылып қалған жоқ па? Серб пен Хорваттан құралған жалдамалы 47 автоматшы күзеткен Рыжий Алмаздың өзін Барселонадағы үйінде құртты. Күзеттің ең жоғарғы сатысы "тройкамен" отырған Березовскийді Лондондағы үйінде асып кетті. Киевте 2014 жылдан бері көшеде емін-еркін жүрген Садықов спецслужбаға қол жетімді еді.
Көшеде, халық жүретін жерде атып кеткеніне қарағанда менің ойымша екі нұсқа болып тұр.
Біріншісі, белгісіз разборка.
Екіншісі, Қазақстанды "подставитеткісі" келген провакаторлар.
"Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім",- деді мемлекет басшысы бүгінгі Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімінде.
Енді Украина ІІМ жауабын күтеміз. Айдос Садықовқа саулық тілейміз! Тезірек жазылып кетсін!