Жаңалықтар қызметінен хабарлағандай, аталмыш Конвенция мүмкіндігі шектеулі 650 млн тұлғаның мүдделерін қорғауға бағытталған. Ол мүгедектер құқығын қорғау мен ынталандыруға, оларға қатысты шетқақпайлықты жоюға, олардың жұмысқа тұру құқын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім беру және қоғам өміріне толық араласуға, біреулер тарапынан пайдалану мен асыра пайдаланудан еркіндікке, жеке қол сұғылмаушылыққа, әділетті сотқа жүгіне алуға және т.б. бағытталған 50 тараудан тұрады.
"12 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясының залында осы аса маңызды халықаралық құқықтық келісімнің күшіне енуіне орайластырылған ресми салтанатты шара өтеді. Бұл Конвенция қабылданғанға дейін бүкіл әлем халқының 8 пайызының құқығы бір де бір біртұтас халықаралық құқықтық құжатта бекітілмеген еді", - деп көрсетілген хабарламада.