ЖШҚ баспасөз қызметі хабарландырғандай, бұған мұнай өнімдерінің бағасының кезең-кезеңімен арзандауы себеп болған.
"Шикі мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасы жанармай бағасының арзандауына алғышарт болды. бұл мұнай өңдеу зауыттарындағы бағаның арзандауына әкеліп, мұнай саудалаушыларға жанар-жағармай бағаларының бөлшектік бағасын төмендетуге мүмкіндік берді. Және осы мүмкіндікпен күзгі жиым-терім науқаны кезінде "Газпром нефть Азия" пайдаланып қалды", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Компанияның жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек баға жанармай тобына да, дизельдік отын тобына да арзандатылады. Соңғысы жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілеріне жақсы көмек болмақ.