Кешегі аукционда Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздары эмиссиясының көлемі 9,1 млрд. теңгеге дейін өсті

Мемлекеттік купонды облигацияларға номалдық құны бойынша сұраныс көлемі 15,4 млрд. теңгеден асты (құнды қағаздардың номиналдық құны бір қағаз үшін 1000 теңгені құрайды). Нәтижесінде 9 125 000 бағалы қағаз сатылды.

МЕОҚАМ-ның кірістілік көрсеткіші жылдық 5,80 процентке тең.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл жолғы құнды қағаздар эмиссиясы 2010-жылдың 18-тамызында өтелуі тиіс. Ал алғашқы сыйақы 2005-жылдың 17-ақпанында төленеді.