Депутаттардың өкілеттіліктен бас тарту себебін С.Киселев олардың арасындағы келешегінен үміт күттірген азулы саясаткерлердің ҚР парламенті мәжілісінің сайлауына қатысу ниетімен байланыстырады. Осындай депутаттардың аты-жөнін атамаған ол : " бұл Алматы қалалық мәслихатына жалпылама тән жағдай",- деп атап көрсетті.
Осыған байланысты С.Киселев болашақта "Асар" партиясының фракциясы мүшелерінің санын арттыру үшін партия мүшелерін мәслихат сайлауына дайындық жұмыстарына қызу кірісуге шақырды.
Қазір Алматы қалалық мәслихатына 37 депутат сайланған.