"Кешіріңіздер": тележүргізуші тікелей эфирде ыңғайсыз жағдайға қалды – видео

 NBC телеарнасының тікелей эфирінде күтпеген жағдай болды.

NBC тележүргізушісі Кортни Кьюб тікелей эфир жүргізіп отырған кезде кішкентай баласы студияға кіріп кетті.

Журналист Сириядағы ахуал туралы айтып отырған болатын. Алайда баласы оны қолынан тартып, кедергі жасай бастады.

"Кешіріңіздер, мұнда менің балаларым жүр", - деді күліп тележүргізуші.

Бұдан соң режиссерлер кадрде Таяу Шығыстың картасын көрсетті. Бірер секундтан кейін жүргізуші жұмысын жалғастырды.


2017 жылы BBC-дің тікелей эфирі кезінде де ұқсас жағдай болған еді. Сарапшы Роберт Келлимен сұқбаттасып отырғанда жүргізушінің балалары кадрге кіріп кетті.