КешYou-дің экс-әншісі: "Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", - деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Элизат үшін уайымдаған оқырмандары оны сұрақтың астына алды. 
"Ажырастыңыз ба?" - деп сұрады көпшілік.

"Әзірге жоқ, бірақ жақында иә", - деп қысқа қайырды ол.


Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.

"Әзірге ішім бос. Басқа түк жоқ. Онымен бірге ма, жоқ па, бәрібір бақытты боламын. Бастысы, менің балаларым", - деп ақтарылды ол стористе.
Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.