«Кешьюлік» әншінің оқуынан шығып кетуі мүмкін бе?

Бұл жолы топ әншісі Назым Әбілдина ұстаздарынан жақсылап ұрыс естігенін НТК арнасындағы "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Назым Алматыдағы музыкалық колледждің 4-ші курс студенті «Эстрада вокал» мамандығы бойынша білім алып жатқан бойжеткеннің, «Кешьюге» келгелі оқу үлгерімі тым нашарлап кеткен.

 Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Апайлардың барлығы ұрысып жатыр. «Назым, масқара! Сен бірінші, екінші курста жақсы оқып едің. Бірде-бір сабақтан қалмай, 4 пен 5-ке оқып едің. Не болды саған? «Кешьюге» кіріп, не болып кетті?» - деп.

Бүгінде Назымға төнген қауіп, кеше «Кешьюдің» өзге мүшелерінің де басынан өткен. Кезінде Балжан мен Элизат та,  шикілігі көп шәкірттердің тізімінде болғандарын енді мойындап отыр. 

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

- «Кешьюге» кірейін, кірмейін менің деген сабаққа уақытым болмайтын. Сол кездің өзінде конкурс, концерт бірдемеде жүретінмін шынымды айтсам. Мұғалімдердің барлығы түсіністікпен қарады. Емтихан кезінде барлығын әйтеуір үйтіп-бүйтіп жабатын едік...

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Колледжге кірген кезде өзімді «отчислениеде» әрбір жарты сайын тізімде бірінші тұратын фамилиям. Осындай-осындай «отчислениеге» кетеді деп. Содан кейін диспечерскийге барып, сүмірейіп апайлардың алдына барып: «Апай енді қойып беріңізші» - дегенде ұрса беретін енді. «Ұялсашы енді жарты сайын» - деп.

Топтың тығыз кестесіне орай, сабаққа салғырт қараған әнші қыздар тығырықтан қалай шықты?!

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Сол кезде айтатын едім: «Апай мен жұмыс істеп жүрмін, нан тауып жүрмін. Бекер жүрген жоқпын» - деп. 

Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Апай енді осылай болып қалды, уақытым жоқ. Жұмыс істеп жатырмын. Ақша тауып жатырмын. Жаңағы сабағыма өзім төлеп жатырмын деп айтып қоямын арасында.