"Кететін еркек өзі кетті, маған оның байлығы беш тиын": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы еш жерде айтпаған сырымен бөлісті

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші ол жайлы Дина Төлепбергеннің "Din Dina show" бағдарламасында айтып берді.

"Кететін еркек өзі кетті ме, болды. Оны қайтара алмайды ешкім. Мен, мысалы ол кісінің есігін, босағасын қағып, мен сізге байға шығамын деп айтқан жоқпын. Мен ол кісіні жақсы да көрген жоқпын. Мен ғашық болмаған адаммын негізі. Ол кісі маған ғашық болды да, өзінің дегенін жасады, өзінің қалауын жасады. Шешең берсе де, бермесе де аламын деді, болды. Қолында билігі, артында біз қорқатын адамы болды. Басында біз қорықтық, кейін барып, бір-екі жылдан кейін сыйластық келді. Басында ол өз қалауын жасады.

Одан кейін, ол түсіп қалған кезде, мен кетіп қалсам, халық не деп айтады? Менде де намыс бар. Бастық болғанда қатыны болып еді, орнынан түсіп қалғанда Мақпал қашып кетті деген әңгіме тарайды ғой. Құрысын қиын кезде жанында болайын дедім. Мен ешқандай ойым болған жақ, оның байлығы т.б. Беш тиын маған ол, өзі бай адам болмаған ғой. Мен сияқты қайыршы қыз, менің әкем шопыр болған адам. Сөйтіп жүріп бізге үй салып берген қайта, 9 баланы дүниеге әкеліп. Ал, енді бұл кісі жалғыз өскен, шешесі жалғыз, ешқандай байлығы болмаған. Өзінің ақылымен, басы қатты жұмыс істеген адам ғой, мектепті алтын медальға бітіріп, институтты қызыл дипломмен бітіріп, өзі көтерілген адам. Жалғыз сол Зәкең бе екен екі қатын алған, он қатын алып жатқандар да бар ғой. Мысалы, мен Зәкеңді ұстағым келсе мен бірден ЗАГС-ке баратын едім. Мен бармай қойдым ғой ЗАГС-ке. Ол кісіге айттым, сіз мені байлай алмайсыз, мен сізге күйеуге шықпаймын дедім. Жақсы көресіз бе, бірге тұрыңыз дедім, сіздің байлығыңыз маған керек жоқ, беш тиынға.

Жарассақ тұрамыз, жараспасақ тұрмаймыз дедім. Сөйтіп 91 жылы мені апарып кіргізді, 98 жылы ғана мен заңды некеге тұрдым. 98 жылға дейін қанша жыл бар, кетем дейтін еркек кетіп қалатын еді ғой, мен байлап қойыппын ба оны? Барған жоқ қой, қайтпаймын деді. Мен айттым оны, жұмыстан шаршап келген кезде, ашуын бізден алатын кездері болатын. Астапыралла, сіз мүмкін ана жаққа қайтқыңыз келіп тұрған шығар, барыңыз сол жаққа, бақытты болыңыз, ұрпағыңыз бар ол жақтай дейтінмін. Жоқ, саған ашуланып тұрған жоқпын дейтін.

Мен жолын ашық қылдым бұл кісінің, байлаған жоқпын. Кейіннен бұл кісі кеткенді бірақ білдім жақсы көретінімді. Өйткені өлкен кезде біледі екенсің ғой, қалай жақсы көргенін", - деді ол.