“Кетші анау жерден деп ұрысты”: Жанель Мақажан “Қалаулымға” қатысқаны үшін Сәкен Майғазиевтен ұрыс естігенін айтты

Бұл туралы ол “Aitarym bar” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Теледидар мүлдем көрмеймін. “Қалаулымға келіп 1-2 ай отырсаң деп ұсыныс келеді. Оның рейтингі масқара. Саған оқырман келеді анау мынау деді. “Ең болмағанда 1 ай отырып кетсең жеткілікті” деді. Мен де тек қызығушылық болды. Телевизиялық бағдарлама неге бармасқа деп. Маған көп адам жазды. “Сен Жанель Мақажансың, ол жерде не істеп жүрсің? Дәл қазір кет” деді. Сәкен аға хабарласып “қарындасым, өтінемін ол жақтан кет. Не істеп жүрсің ол жақта” деген сөздерінен кейін “өнердегі ағаларым жазып жатыр” дегесін” кеттім”, - деді актриса.