Кезектен тыс президент сайлауын өткізу Қазақстан қоғамындағы саяси тұрақтылықпен қатар ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайтуға мүмкіндік беретіндігіне сенеміз - ҚКХП


«Біздің барлығымыз әлемдегі экономикалық дағдарыстың күшейе түсуіне қатты алаңдаудамыз. Мұның барлығы экономикасы кері кеткен елдердегі қарапайым бұқараның, еңбекшілердің иығына ауыр жүк болып түсетініне кәміл сеніп отырмыз. Осы айтылған қиыншылықтардың біздің республикамызға да келіп жетуіне ешқашан жол беруге болмайды. Президенттің басшылығының арқасында Қазақстан 90-шы жылдардың басында болған дағдарысты, 97-98 жылдардағы Азия дағдарысын,  2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарысты еңсеріп, ерекше тәжірибе жинады. Бүгінде еліміздің осы күнге дейін жинақтаған күш-қуаты жаһандық дағдарысқа қарсы тұрып, онымен тиімді түрде күресуге мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмысыздықтың өсіп кетуіне жол бермеу, жұмысшылардың жалақысын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды тұрақты түрде төлеп тұруға мүмкіндігіміз бар. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда еліміздің ең басты сайлау мерзімдері туралы ұзақсонар талқылауды доғарғанымыз жөн деп есептейміз. Керісінше, сайлау арқылы мемлекеттік аппараттың, заң шығарушы және өкілетті билік өклдерінің бүкіл халықтық күшін кездесіп отырған қауіптерді еңсеруге жұмылдыруымыз керек. Сайлау - бұл халықтық механизм. Бір жағынан қарасақ, бұл өте жоғары жауапкершілік. Қазақстанның бұл кезеңнен табыспен өтетіндігіне кәміл сенеміз. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен азаматтардың игілігін арттыру жолындағы бағытымыздың да жалғасатындығына сенеміз. Негізгі қорытындысында бұл сайлауды өткізу Қазақстан қоғамындағы саяси тұрақтылықпен қатар ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайтуға мүмкіндік беретіндігіне сеніп отырмыз. Сондықтан барлықтарыңыздан осы сайлаудың өтуін қолдауларыңызды сұраймыз», делінген партия мәлімдемесінде.