Кезекті «Протон» зымыраны 28-қыркүйекте ұшырылады – Роскосмос

Бұл мамыр айындағы апаттан кейінгі алғашқы ұшырылым болмақ, деп Роскосмос жетекшісінің бірінші орынбасары Александр Иванов мәлім етті.

«Жоспар бойынша зымыран 28-қыркүйекте ұшырылады, деді ол «Эхо Москвы» радиостанция арқылы сөйлеген сөзінде.

А.Иванов мамыр айындағы апаттың «үшінші сатының құбыр-сорғы агрегатындағы ақау салдарынан болғанын» атап өтті.