Жарыс төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың жетекшілігімен өтеді.
Семинар-жиын шеңберінде құтқару көпсайысы бойынша халықаралық ашық жарыс ұйымдастыру көзделіп отыр
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь және Әзербайжаннан 30-дан астам құрама қатысады. Бақылаушы ретінде АҚШ, Швеция мен Ресейдің ұйымдары мен министрліктерінің өкілдері шақырылған.
Жарыс шеңберінде қазіргі заманғы апаттық-құтқару техникасы, құрал-жабдықтары мен саймандарының көрмесі өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті