Кезеңмен акциялары шығарылатын еншілес компаниялардың бастапқы тізімі іріктелді - «Халық IPO»

Одан бірнеше потенциалды үміткер алынып тасталды. Қордан түсіндіріп өткендей, негізгі талап – акциялары халыққа ұсынылатын компанияның тұрақтылығы мен жоғары табыстылығы. Осылайша, 2015 жылы «халықтық IPO» «Самұрық-Энерго», ал 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» және «Қазатомпром» компаниялары шығарылмақ.
     – Компаниялардың алғашқы тізімі қарбалас сәтте құрылды, – дейді Қордың басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова. – Қор нарығына шығуға тұралық деген компаниялар таңдалды. Бағдарламаға компаниялар нарықтық дайындықтарына және ашық жариялымға шығу үшін заңнамалық базасы дайындығына қарай шығады делінген болатын. Сондықтан бүгінгі тізімде келешекте өсу потенциалы жоғары алпауыт компаниялар қалды.

            Бағдарламаға қатысушы компаниялардың бағасы ұзақ уақыт бойы және тым арзандап кетсе, «Халық IPO» бағдарламасы тоқтатылуы мүмкін екенін түсінген жөн. Мұнда халықтың мемлекетке деген сенімі жатыр. Нарық әрқилы, сондықтан потенциалды инвесторларға – Қазақстан азаматтарына акциялар бағасы үнемі өсіп отырады деп ешкім уәде етпейді, дегенмен бағдарламаға деген сенімнің жойылуы мемлекетке абырой әпермесі анық.

                     KEGOC және басқалар: өсім потенциалы

            Бүгінгі IPO шығып отырған ұлттық электр желілер жүйесін басқарушы компания – KEGOC-тың өсу потенциалы жоғары. Бұл, біріншіден, соңғы жылдары және 2025 жылға дейін компания жүйелерді дамыту мен жаңа технологияларды енгізу бойынша бірнеше ірі жобаларды іске асырады. Бұл жобалар KEGOC операциялық кірісін өсіріп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, оның үстіне таратылатын энергия көлемі онсыз да үнемі өсуде.


Мұндай жоғары өсім көрсеткіштері елдің энергиялық қуаттылығын бақылайтын «Самұрық-Энерго» компаниясында да байқалуда, компания модернизациялау бойынша бірнеше ірі жобаларды іске асыруда. Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры іске асырып жатқан инвестициялық мегажобалар – Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 модернизациялау, Балқаш ЖЭС салу және де басталып кеткен жобалар (Мойнақ МЭС, Қапшағай МЭС модернизациялау және т.б.) – мұның бәрі компанияның нарықтық өсімі үшін жасалуда.

            «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, қордың еншілес компаниялары арасында заманауи басқару тәжірибелерін енгізу мен коммерциалық пайда бойынша флагман болып табылады. Соңғы жылдары компания қажетсіз активтерден құтылу мен техниканы модернизациялау, жаңа локомотивтер мен вагондарды жеткізу арқасында кірісін біршама арттырды. Астанада компанияның General Electric бірлесе жасайтын локомотивтері барын айта кетейік, олар тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ экспортқа да шығарылуда. ҚТЖ активтерінің өсімі Қазақстан арқылы жеткізілетін транзиттік жүк тасымалдауларға да қатысты.

            Өзіңіз көріп отырғандай, жақын арада «Халық IPO» шығарылатын барлық компаниялардың өсім потенциалы жоғары. Осыдан қарапайым қазақстандықтар арасынан шыққан осы компаниялардың болашақ акционерлері жаңылып қалмас үшін мемлекет барын салғанын көруге болады.

"Халық IPO" игілігі. 1 сабақ