26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқсас нәрсе тапқан.
Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырды. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктеді. Жазба лезде қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған.
«Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған», – деп жазған Палмер.
KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.