"Жол полициясының желісі бойынша барлық шаралар жүзеге асырылып, іс материалдары ІІББ-ның тергеу басқармасына өткерілді",- деді Е.Үдербаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-мамырда Алматыда "Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина жол апатынан мезгілсіз қайтыс болды. Апат салдарынан автокөлікте Ж.Әбділдинамен бірге болған Раушан Сәрсенбаева, Тимур Урманчеев пен жүргізуші Серік Бақбаевтар түрлі дәрежеде жарақаттанды.
Апаттың шығуына ҚР ҰҚК-нің арнаулы ақпараттық қызметінің маманы Александр Гудковтың мас күйінде көлік айдауы себепкер болды. Ол "Хабар" агенттігінің қызмет бабындағы автокөлігімен соқтығысып қалған.
Қазір А.Гудков қамауда отыр. ҚР ҰҚК-нен бұл дерекке қатысты түсініктеме алу әзірге мүмкін болмай отыр.