Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 20-қазанда "Хабар" агенттігінің директорлары кеңесі Дариға Назарбаевадан үшінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болып сайлануына байланысты кеңестегі өкілеттігінен мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қабылдаған.
Г.Иксанова 46 жаста. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Оқытушылық қызметпен айналысқан. 1994-жылы "Таң" телерадиокомпаниясының вице-президенті болды. 1994-1995-жылдары "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" республикалық корпорациясының вице-президенті қызметін атқарды. 1995-1996-жылдары "Таң" телекомпаниясының директоры болды. 1995-1996-жылдары мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының аймақтық штаб-пәтерінің референті болды. 1996-жылдан бері "Хабар" агенттігінде істейді. Түрлі жылдары Агенттіктің референті, вице-президенті және бас директоры болды.