Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Нұрболханның парақшасынан Айнұр Жәнібекованың әңгімесін тыңдадым."Өз ойымда" "пәктігін саудаға салған" кейіпкер. Арзан атақ іздеген қызды ("әріптестестер"деуге аузым бармайды) хабар авторлары шақырып,аузына сөз салып берсе,сонысын мойындап бағдарламаның "ішкі кухнясын" ашу керек.Бір адамның тағдыры бұл өйткені! Мұндай технологияларды білмейді емес,білеміз. Мәселе,соған бару-бармауда!Арды аттамауда.Ал,мына жағдайда хабар авторлары қыздың пәктігін таптап, ертеңіне тастап кететін жігітсымақтардан қай жері артық?! Қыздың тағдыры ғана емес,сүйекке таңба бұл, ұлтқа сын. Бұл да менің Өз ойым", - деп жазды Дана Нұржігіт.
Естеріңізге сала кетейік, ел алдына шығып, пәктігін 2 миллион теңгеге сататынын жария еткен Айнұр "хайп" үшін жалған ақпарат бергенін, эфирде жай ғана рөл ойнағанын айтқан болатын.