Жандос Бұлхайыр, С.Хайровтың адвокаты:
- Біз істі қысқарту туралы талап-арыз береміз. Келесі сот отырыстарында. Айыптың бірі қару-жарақ ұстаған, бір-біріне берген, жасаған деп отыр ғой. Ия, Бағанашылдан табылды. Бірақ соны тергеу Хайровқа қатысы бар деп келтіргісі келіп отыр.
Айта кетсек, 38 жастағы Саян Хайыровқа бірнеше бап бойынша айып тағылған: «террорлық топ құрды, қару-жарақ сақтады, адам ұрлап, ақша бопсалады және заңсыз шекара асты» деген. Бірақ сотталушы- ағасының құжатын пайдаланып, Бішкек асып кеткенін ғана болмаса, өзгесін мойындаған жоқ. Сондай-ақ Хайров ұлттық қорықтағы тіркелген қылмысқа да қатысым жоқ деуінен таңар емес. Қазір осы іске куә деген 35 адамнан жауап алынуда. Естеріңізге салсақ, былтыр Іле Алатауы ұлттық паркінде ланкестер 12 адамды жер жастандырған болатын. Қазір басты күдікті Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайров сот алдында жауап беріп жатыр. Ал оның сыбайласы Зәуірбек Ботабаев әлі халықаралық іздеуде жүр.