«Хайвил Қазақстан» ЖШС шетелден жұмыс күшін тарту жөніндегі лицензиясынан айырылды


Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қазақстандық жұмысшылардың жалақысы шетелден шақырылған мамандардың айлығынан әлдеқайда төмен екені анықталды. Қызметкерлерін алалаған жұмыс беруші Қазақстан Конституциясын бұзып отыр.
Тексеру нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан өтемақы және еңбек демалысын төлеу мерзімдері де оқтын-оқтын бұзылып келгені белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша серіктестік пен оның басшысына 4 млн теңге айыппұл салынып, аталған заң бұзушылықтарды бұзу туралы ескерту берілді. Сонымен қатар, компания шетелден жұмыс күшін тартуға берілген лицензиядан айырылды.