«Хайян» тайфуны соңғы 100 жылдағы ең жойқын дауыл атанды


Бұл туралы гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі Халықаралық ұйым басқармасы үйлестіру және жауап әрекеттер бөлімінің бастығы Джон Гинг мәлімдеді.

"Біздің түсінуімізше, бұл қайғылы оқиғадан  9,8 млн адам зардап шегіп отыр", - деді ол. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, Филиппиндегі кейбір аудандар толығымен қирап, 600 мыңға жуық адам баспасанасыз қалды.