Хакерлер Американың 20 мың қауіпсіздік қызметкерінің мәліметтерін жария етті

Таяуда хакерлер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігінің 10 мың қызметкерінің жеке мәліметтерін жариялаған. Олардың айтуына қарағанда бұл мәліметтер министрліктің дерек қорын бұзу арқылы алынған.

Жарияланған құжаттарда қауіпсіздік қызметкерлерінің аты, лауазымы, электрондық поштасы мен байланыс нөмірлері келтірілген.

«Министрлік қазір байланыс ақпараттар сақталған жүйеге санкциясыз кіру оқиғасын тексеруде», - деп мәлімдеді ведомствоның  ресми өкілі Питер Карр.