Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды


Лот орналастырылған Exchange of Information порталындағы ақпаратқа сәйкес,  аукцион 2015 жылғы 9-23 ақпан аралығына дейін созылады. 

Лоттың бастапқы құны 100 биткоин  (около $22 тыс.), біржолғы сатып алу бағасы - 500 биткоин ($110 мыңға жуық).

Лот құрамына iCloud-дегі Медведевтің үш құрылғысының ақпараттары кіреді. Файлға премьердің бірнеше мың SMS-хабарламалары, фотосуреттері мен видеолары, шалынған қоңыраулары, телефон кітапшасының байланыстары,  Skype  ақпараты, сондай-ақ осы құрылғыда пайдаланылған қосымша деректері кірген.