Хакерлер Қазақстан университеттерінің сайттарын бұзды

Өздерін KazHackMe деп атайтын белгісіз хакерлер тобы АЭжБУ, ҚарМУ және Қазақстан инженерлік-техникалық университетінің сайттарын бұзған. Олар өздерінің барлық "жетістігін" блогтарында жариялайды.

"Өз тарапымыздан жастарды осы құқық бұзушылық үшін берілетін қылмыстық жауапкершілік туралы сақтандырғымыз келеді және күштеріңізді жасампаз арнаға бағыттауға шақырамыз", - делінген ұйым хабарламасында.

ЦАРКА мамандары хакерлердің біліктілігін бағалап, оларға жұмыс ұсынды.


Еске салсақ, 2018 жылдың қазанында Kundelik қазақстандық мектептерінің электронды күнделігі мен журналдарының ақпараттық жүйесі хакерлік шабуылға ұшырады.