Хакерлер танысу сайтының 20 млн. пайдаланушысының жеке мәліметтерін ұрлаған

Bloomberg  агенттігінің деректеріне сүйенсек,  зардап шеккендердің жартысына жуығы Ресейдің, 40 пайызы Еуроодақ елдерінің тұрғындары.

  Bloomberg атап өткендей, кибер қылмыскерлер ұрланған ақпаратты арнайы интернет-сайтқа сатуға қойған. Оны сатып алғандар, мысалы, жәбірленушінің банктік есепшотына қолжетімділікті алуға әрекет жасай алады.

Қай танысу сайты хакерлік шабуыл құрбаны болғаны әзірге белгісіз.